Ауғанстанда аяздан 158 адам көз жұмды

0
538

Ауа температурасы минус 34 градусқа жетеді.


Ауғанстанда аяздан 158 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ауғанстанда 2 апта ішінде шыңылтыр аяздан 158 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Ауа температурасы минус 34 градусқа жетеді. Соның салдарынан жұрт тоңып, бүрсең қағып жүр. Үскірік аязда киетін киімі де, үйді жылытатын жылуы да жоқ. Осыған байланысты тұрғындар халықаралық қауымдастық тарапынан көмек сұрап отыр. Өйткені тәліптер билік басына келгенде гуманитарлық ұйымдардың көбі бұл елдегі қызметін тоқтатқан болатын.