Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынды

0
734

Үш ай бұрын мыңдаған қыздар мен әйелдер Ауғанстандағы университеттерге оқуға түсу үшін емтихан тапсырды.


Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Бұл туралы биліктің шешімі туралы білім министрінің хатында айтылған. Әйелдердің университеттерге кіруін шектеу бірден күшіне енеді деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz.

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы әйелдерге жоғары оқу орындарында білім алуға тыйым салды.

Үш ай бұрын мыңдаған қыздар мен әйелдер Ауғанстандағы университеттерге оқуға түсу үшін емтихан тапсырды. Алайда олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға үлкен шектеулер қойылған: ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы әйелдер үшін тыйым салынды, ал журналистикаға үлкен шектеулер қойылған.

Былтыр Талибан билікті басып алғаннан кейін университеттерде ерлер мен әйелдер үшін бөлек оқыту және кіреберістер енгізілді. Сондай-ақ студент қыздарды тек әйел профессорлар немесе белгілі бір жастан асқан ер адамдар ғана оқытты.

Бүгінгі таңда қыздарға жоғары оқу орындарына келуге тыйым салынып, университеттерге бұл талаптың орындалуы туралы шұғыл есеп беру міндеттелген көрінеді.

Айта кету керек, осыған дейін Ауғанстанда әйелдерге саябақтарда серуендеуге, сонымен қатар ел астанасында орналасқан бассейндер мен спорт залдарға баруға тыйым салынғанын жазған болатынбыз.