Аустралияда ұшақ апатынан 10 адам зардап шекті

0
773

Оқиға орнында жасалған суреттерде апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары ғана көрінеді.


Аустралияда ұшақ апатынан 10 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Дүйсенбіде Аустралияның Үлкен Барьерлі риф аралында жеңілмоторлы ұшақ апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, - деп жазады Tengritravel.kz.

The Australian басылымының мәліметіне сәйкес бортында 10 адамы бар ұшақ Брисбеннен солтүстік-батысқа қарай 1600 шақырым жерде орналасқан Лизард аралындағы ұшу-қону жолағына қонуы тиіс еді. Алайда Кернске жете алмаған.

Оқиға орнында жасалған суреттерде апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары ғана көрінеді.

Аустралияның көлік қауіпсіздігі бюросының Бас комиссары Ангус Митчелдің айтуынша, әуеге көтерілген кезінде Townsville Airlines компаниясына тиесілі Cessna 208 ұшағының қозғалтқышында ақау пайда болған. Ұшқыш Лизард аралына оралуға тырысқан.

"Ауыр жарақат алған жолаушылар туралы хабарлама келіп түсті", - деді Митчелл.

News.com.au мәлім еткендей, Квинсленд Денсаулық сақтау департаменті барлық 10 жолаушы дереу Кернс ауруханасына жеткізілгенін және қазір жағдайлары тұрақты екенін растады.