Әзірбайжанда 7 жасар баланы ұрып өлтірген жаттықтырушы өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді

0
975

Жаттықтырушы баланы ұрған. Салдарынан баланың мойыны сынып, ауруханада көз жұмды.


Әзірбайжанда 7 жасар баланы ұрып өлтірген жаттықтырушы өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Әзірбайжанда 7 жасар Фарид Бакаровты ұрып өлтірген жаттықтырушы Мехман Халиловтың тергеуде берген жауабы жарияланды, деп жазады stan.kz.

Жаттықтырушыға қатысты бұлтартпас шарасын тағайындау кезінде Мехман Халилов баланың өліміне өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеген.

Қазіргі таңда Сумгайыт қалалық прокуратурасы "Жәбірленушінің өліміне алып денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғаған. Ал жаттықтырушы Мехман Халилов күдікті деп танылды.

Бұған дейін дзюдо мен самбо жаттықтырушысы Мехман Халиловтың 7 жасар баланы ұрып өлтіргені туралы хабарлаған едік. Видеодан жаттықтырушының баланы ұрып жатқанын көруге болады. Салдарынан баланың мойыны сынып, ауруханада көз жұмды.