Байден халықтың алдында вакцина салдырды

0
1 471

Президент американдықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шықырды.


Байден халықтың алдында вакцина салдырды

ERNUR.KZ. Джо Байден «Пфайзер-БайонТек» компаниясының вакцинасын тікелей эфирде халық алдында қабылдады, деп хабарлайды Хабар24.

Дэлавер ауруханаларының бірінде болған Байден американдықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шықырды.

Айтуынша, қазіргі қиын қыстау заманда америкалықтар үшін сарапшылардың пікіріне құлақ асу, әрі сақтық шараларын сақтау аса қажетті. АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион американдық ковидпен ауырып, індетті жұқтыру көрсеткіші 1,3 процентке өскен. Елдің 17 штатында ауырғандардың саны күн санап артып келеді.


- Вакцина барынша қолжетімді болған кезде американдықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Модерна» екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар, - деді АҚШ президенті Джо Байден.