Мұндай газ көпіршіктері ұзақ тұрмайды.
ERNUR.KZ. Ғалымдар спутник арқылы Байкалдан алып метан көпіршіктерін тапқан. Сурет Слюдянский ауданында түсірілген. Мамандар мұндай үлкен метан резервуарын бұрын-соңды көрмегендерін айтады, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.
Жалпы, ғалымдар Байкалдың түбіндегі метан газын бірнеше жылдан бері бақылап келеді. Бұған дейін шағын газ көпіршіктерінің жарылуы тіркелген еді.
«Алайда спутниктен табылған метан гидраты бұлардан әлдеқайда үлкен», - дейді олар.
Мұндай газ көпіршіктері ұзақ тұрмайды. Олар кез келген уақытта ауаға шығып, жарылып, осы аймақта жүрген кемелерді аударып жіберуі әбден мүмкін.