Балаларға ең көп қаражат жұмсалатын елдер рейтингі жарияланды

0
756

Қытай әлем бойынша туу көрсеткіші ең төмен Оңтүстік Кореядан ғана артта қалды.


Балаларға ең көп қаражат жұмсалатын елдер рейтингі жарияланды

ERNUR.KZ. YuWa Бейжің демографиялық зерттеулер институты ғалымдарының баяндамасы жарияланды. Онда әлем бойынша бала тәрбиелеу тұрғысынан қарастырғанда ең қымбат елдер аталды, деп жазады tengritravel.kz.

Қытай рейтингте көш бастады. Қытайда 18 жасқа дейін балаға орташа есеппен 538 мың юань (шамамен 35 миллион теңге) жұмсалады екен. Бұл жан басына шаққандағы жылдық ішкі өсімнен 6,3 есе көп. Мәселен басқа елдермен салыстырсақ, АҚШ-та бұл көрсеткіш - 4,11, ал Жапонияда - 4,26-ға тең. Аустралияда "балаларға кететін шығын" жан басына шаққандағы орташа ЖІӨ-ден 2,08 есе жоғары.

Қытай әлем бойынша туу көрсеткіші ең төмен Оңтүстік Кореядан ғана артта қалды.

Зерттеу барысында тек балаға кететін шығын ғана емес, олардың аналарының қаржылық шығыны да қарастырылды. Себебі әйелдер балаға күтім жасаймын деп мансап жолын қуа алмайды, табысынан айырылады.

Қытайда ата-аналар 2010 жылдан 2018 жылға дейін бастауыш сынып оқушыларына үй тапсырмасымен көмектесуге көбірек уақыт жұмсай бастаған. Егер 2010 жылдардың басында аптасына 3,67 сағатты арнаса, онжылдықтың соңына қарай 5,88 сағат жұмсаған.