Бангладеште пойыз рельстен шығып кетті: Опат болғандар бар

0
1 279

Газипур қаласындағы теміржол жасағы қызметкерінің айтуынша, пойыз соңғы вагондарды біраз уақыт бойы сүйреткен. Соның салдарынан соңғы екі вагон аударлып кеткен. Үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.


Бангладеште пойыз рельстен шығып кетті: Опат болғандар бар

фото: bdnews24.com

Бангладеште теміржол апаты салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz bdnews.24 порталына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, оқиға Тонги қаласында болған. Соңғы төрт вагон рельстен шығып кеткен. Газипур қаласындағы теміржол жасағы қызметкерінің айтуынша, пойыз соңғы вагондарды біраз уақыт бойы сүйреткен. Соның салдарынан соңғы екі вагон аударлып кеткен. Үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жеті адамды ауруханаға жеткізілді, онда тағы бір адам қаза тапты. UNB басылымы мәліметінше, осы оқиғадан 30-дан аса адамзардап шеккен. © bdnews24.com Портал мәлметінше, осы оқиғаға қатысты теміржол тізбегінің жұмысы бұзылған. Министрлік тергеу шараларын бастады.