Бәрі шіріп кеткен: Дәрігер 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастауға мәжбүр болды

0
4 809

Дәрігерлер ата-аналарды балаларының тісін мұқият бақылауға шақырды.


Бәрі шіріп кеткен: Дәрігер 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастауға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Таиландта тіс дәрігерлері 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастады. Баланың тістерінің бәрі шіріп кеткен екен, деп жазады Stan.kz.

9 сәуірде 4 жасар Нонг Кааның тісі ауырып, клиникаға жеткізілген. Оның анасы Супатра Тумклин бұрын ұлында асқазан тұмауы болғанын және дәрігерлердің дертті соя сүтімен емдеуге кеңес бергенін айтыпты.

«Сүтті алмастырғаннан кейін тістері сарғая бастады. Тісін тазалауға тырыстым. Бірақ тазарту мүмкін болмады», - дейді әйел.

Оның сөзінше, ұлының тісін тазалаған сайын қызыл иегі қанап, ауырған екен. Сол кезде Тумклин шіріген сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығады деп ойлаған. Алайда біраз уақыт өткен соң Каа тісінің қатты ауыратынын айта бастапты. Салдарынан дәрігерлерге оның 18 тісін жұлып тастауға тура келді.

Дәрігердің сөзінше, баланың тісінің шіруі оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Себебі қауіпті инфекция пайда болуы мүмкін, дейді.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларының тісін мұқият бақылауға шақырды.