Полицейлер 64 жастағы ер адамды қамауға алды.
ERNUR.KZ. Баварияның Аугсбург қаласының маңында ер адам үш адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттады, деп жазады ҚазАқпарат.
Полиция мәліметінше, күдікті сол үйде тұрып жатқан. Тергеудің алдын ала болжамынша, көршілерімен арада келіспеушілік туындаған. Ол 28 шілде күні кешке қарудан 49 және 72 жастағы екі әйелді және 52 жастағы ер адамды атып өлтірген.
Кейін басқа көшедегі үйге барып, онда әйел мен ер адамға оқ атқан. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер 64 жастағы ер адамды қамауға алды. Күдікті ұстау барысында қарсылық көрсетпеген. Оның қылмысқа бару себебі анықталып жатыр.