Бейрут портындағы жарылыс үшін 16 адам ұсталды

0
609

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан 157 адам қаза тапқаны белгілі, 5 мыңнан астам адам жарақат алған.


Бейрут портындағы жарылыс үшін 16 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ливан қауіпсіздік күштері бірнеше тонна жарылғыш заттар сақталған Бейрут порты әкімшілігінің өкілдерін ұстады, деп жазады baq.kz.

Полиция бұрын күшті жарылыс болған Бейрут порты әкімшілігінің 16 өкілін ұстады. Бұл туралы 6 тамыз күні France press ақпарат агенттігі Ливан әскери прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

300 мың адам Бейруттағы жарылыс салдарынан қираған үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан 157 адам қаза тапқаны белгілі. 5 мыңнан астам адам жарақат алды, - делінген хабарламада.

Ливан астанасы билігінің жаңа бағалауы бойынша, жарылыс салдарынан келтірілген шығын 15 миллиард долларға жетуі мүмкін: Бейруттың жартысы ішінара немесе толығымен жойылды.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні кешке Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Биліктің хабарлауынша, жарылысқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан қала ғимараттарының жартысы зақымданып, зардап шеккендердің көптігінен ауруханалар толып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, жүзден астам адам қайтыс болып, төрт мыңға жуық адам жарақат алған. Бірқатар адам әлі де жоғалып кеткендер санатында.
Ливан Үкіметі трагедия құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.
Айта кетейік, жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алған болатын, алайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров консулдың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.