Басылымның нақтылауынша, аталған ереже жаңажылдық мереке күндері де қолданылады.
ERNUR.KZ. Қытай астанасының әкімшілігі 1 қаңтардан бастап қала аумағында отшашу мен басқа да пиротехниканы қолдануға тыйым салды. Бұл туралы жұма күні «Синьцзинбао» газеті мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Басылымның нақтылауынша, аталған ереже жаңажылдық мереке күндері де қолданылады. Бейжіңде енді пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға болатын сауда орындары болмайды.
Бұл ережелерді бұзған азаматтарға айыппұл салынады. Басылым ақпаратына сәйкес, Қытайда енді отшашуға жалпыұлттық және қалалық деңгейдегі шараларды өткізу кезінде үкіметтің арнайы өкімімен ғана рұқсат етіледі. Дегенмен ереженің Бейжіңнің шығыс бөлігінде қыркүйекте ашылған Universal Beijing Resort демалыс саябағындағы ойын-сауық шоуына ғана қатысы жоқ.