Белгілі кәсіпкердің қызы мінген ұшақ құлады

0
1 395

Иранның батысында түркиялық жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады sputniknews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.


Белгілі кәсіпкердің қызы мінген ұшақ құлады

фото: ашық дереккөзден

Иранның батысында түркиялық жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады sputniknews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Шарджадан Ыстамбұлға ұшып шыққан Bombardier CL60 ұшағы кеше Астана уақытымен сағат 20.40-та радардан жоғалып кеткен. Бортта 11 адам болған, оның үшеуі – экипаж мүшесі. Әуе кемесі таулы жерге құлаған. Лайнер жерге соғылғаннан кейін өртеніп кеткен.

Түркия БАҚ-тары хабарлағандай, апатқа ұшыраған жеке ұшақ Başaran Holding инвестициялық компаниясына тиесілі болған. Бортта белгілі түрік бизнесмені Хюсейн Башаранның 28 жастағы қызы Мина Башаран мен оның жеті досы болған.

Мина Біріккен Араб Әмірліктеріне құрбыларымен бірге сауық кешін өткізуге барғаны белгілі болды. Ол 2013 жылдан бастап холдингтің директорлар кеңесіне кірген. Қыз Başaran Holding басшылығында әкесінің орнын басады деп жоспарланған.

Ұшақтың құлауына қозғалтқыштың өртенуі себеп болуы мүмкін.