Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды

0
415

Оны ер адам ақша үшін өртеп жіберген.


Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі Уганда марафоншысы Ребекка Чептегеи жан түршігерлік зорлық-зомбылық құрбаны болды. Оны ер адам ақша үшін өртеп жіберген, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін Уганданың алыс қашықтыққа жүгірушісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына үміткер Ребекка Чептегеидің жігіті Диксон Ндием жанжал кезінде қалыңдығын аяусыз соққыға жыққаны және Ребеккаға бензин құйып, оны өртеп жібергені хабарланған болатын.

Нәтижесінде денесінің 75 пайызын күйік шалған Чептегеи ауруханаға жеткізілді.

33 жастағы Ребекка бірнеше күн реанимациядан кейін ауруханада көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда.

Айта кетейік, Ребекка Чептегеи тек зорлық-зомбылықтың құрбаны ғана емес, сонымен қатар өз елін халықаралық деңгейде танытқан дарынды спортшы. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол әйелдер марафонында жарысқа қатысып, 44-орынға ие болды. Сонымен қатар Таиландта өткен 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды. Бұл оның мансабын сипаттайтын көптеген жетістіктердің бірі ғана.