​Билік халық ақынын еске алу кешіне тыйым салды

0
1 500

Кітапхана қызметкері мұндай бұйрық берген шенеуніктің есімін атаудан бас тартты.


​Билік халық ақынын еске алу кешіне тыйым салды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда халық ақыны Рауф Парфидің 75 жылдық мерейтойына тыйым салды. Салтанатты жиын Ташкенттегі Ұлттық кітапханада 25 қыркүйекте өтуі тиіс еді. Оған наразы болған интеллигенция өкілдері Facebook’те #parfimaniya хэштегімен наразылық акциясын бастады, деп жазады centralasian.org.

Ақын Рауф Парфи еске алу кешінде оның өлеңдері оқылып, ақын шығармашылығы туралы естеліктер айтылуы тиіс болған. Бұған қоса, оның өлеңдері негізінде арнайы қойылым дайындалған. Ұйымдастырушылар кешке шамамен 150 адам жиналады деп жоспарлаған.

Ұлттық кітапхана қызметкерінің айтуынша, кеш "жоғарыдан" түскен бұйрықпен өтпей қалған.

"Бізге бұл кешті өткізбеу туралы ауызша бұйырды", - деді ол.

Бірақ кітапхана қызметкері мұндай бұйрық берген шенеуніктің есімін атаудан бас тартты.

Рауф Парфидің үлкен қызы Муножот Парпиева президент әкімшілігіне жүгінген, бірақ ешқандай жауап ала алмаған.

"Әкемнің 75 жылдығына арналған кешке 18 қыркүйекте тыйым салды. Көзі тірісінде ақынға күн бермеген шенеуніктер оған ақын өлімінен соң да кедергі келтіріп отыр. Бес жыл бұрын да оның мерейтойын атап өте алмадық", – деді Муножот Парпиева.

Билік тыйымынан соң, Өзбекстандағы шығармашылық орта Facebook’те#parfimaniya хэштегімен наразылық акциясын бастады.

Түркі әлеміне танымал ақын Рауф Парфи 2005 жылы 28 наурызда Ташкентте дүние салған.