Гейтстің сөзінше, пандемия экономикаға триллиондаған доллар көлемінде шығын келтірген, бірақ, оның ішінде, вакцина әзірлеуге кеткен инвестициялар да бар.
ERNUR.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс Wired басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Миллиардердің сөзінше, коронавирус пандемиясы екі жарым жылдан кейін аяқталады.
"Менде, біз, ең бай әлем ретінде, пандемия 2021 жылы тоқтайтын секілді сезім бар, ал жалпы дүние жүзінде 2022 жылы аяқталады. Мұның бәрі инновацияның арқасында болады. Бірақ оған қол жеткеннен кейін, біз малярия, полиомиелит пен АИТВ секілді аурулармен күреске көп нәрсе жоғалтамыз", - дейді Гейтс.
Гейтстің сөзінше, пандемия экономикаға триллиондаған доллар көлемінде шығын келтірген, бірақ, оның ішінде, вакцина әзірлеуге кеткен инвестициялар да бар. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы препарат Қытай мен Ресейде сынақтан жақсы өтіп жатыр, алайда Билл және Мелинда Гейтстің Қоры вакцинаны тесттілеуден өткізуге 3-4 жыл көлемінде уақыт қажет.