Билл Гейтс жаңа вируспен күреске 5 млн доллар бөлді

0
679

Бөлінген қаражат дертті жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды карантиндік аймаққа орналастыруға және емдеуге, сондай-ақ вирусқа қарсы вакцинаны жедел әзірлеп шығаруға арналатын болады.


Билл Гейтс жаңа вируспен күреске 5 млн доллар бөлді

ERNUR.KZ. Microsoft америкалық компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирустың жаңа түрімен күресте Қытайға қолдау көрсету үшін өзінің қайырымдылық қорынан 5 миллион доллар бөлді, деп жазады zakon.kz.

Билл және Мелинда Гейтс қоры бұл мәселеде пневмонияны жоюға қатысатын қытайлық серіктестері - жеке және қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді.

"Бөлінген қаражат дертті жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды карантиндік аймаққа орналастыруға және емдеуге, сондай-ақ вирусқа қарсы вакцинаны жедел әзірлеп шығаруға арналатын болады. Біз бұл аурудың таралуына қатты алаңдаймыз және пневмониямен күресте алдыңғы қатарда жүргендерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз", - деді қордың қытай бөлімінің директоры Лю Ино.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Уханьде белгісіз пневмонияның белең алғаны туралы хабарлады. Қаңтарда аурудың қоздырғышы - коронавирустың жаңа түрі екені белгілі болды.

Вирусты жұқтыру оқиғалары Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция және Канадада тіркелген.