Болгарияда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

0
637

1000-ға жуық адам қиын жағдайда қалды.


Болгарияда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Болгарияның оңтүстік жағалауындағы су тасқыны салдарынан төрт адам қаза тапты. Оларды толқын теңізге тартып әкетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел үкіметі зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсететінін айтты.

Аймаққа жауған нөсер жауын салдарынан екі бөгетті су басып, ағын су көпірлерді бұзып әкетті.

1000-ға жуық адам қиын жағдайда қалды.