Фильм пандемия кезінде жасырын түрде түсірілген.
ERNUR.KZ. "Борат" фильмінің жалғасы АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында Amazon платформасында шығады, деп жазады Stan.kz.
Variety атап өткендей, картинаның екінші бөлігі "Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan) деп аталады.
Фильм пандемия кезінде жасырын түрде түсірілген екен. Сюжетте не көрсетілетіні әлі белгісіз. Бұл ретте Коэннің өзі жақында Лос-Анджелесте бірінші бөлімдегі кейіпкер - журналист Борат Сағдиевтің бейнесінде көзге түсті.
Deadline хабарлауынша, премьера Amazon Prime Video видеосервисінде қараша айындағы АҚШ президентін сайлауға дейін, яғни 23 қазанда өтеді.
"Борат" комедиясының бірінші бөлімі 2006 жылы жарық көрді. Онда автор ойдан шығарылған кейіпкер - қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің бейнесін пайдалана отырып, ешқашан барып көрмеген ел жайлы баяндайды. Фильм әлемде айтарлықтай резонанс тудырды, Қазақстанда ол қатты сынға ұшырады және көрсетуге тыйым салынды.
Сонымен қатар, "Боратты" кинотеатрларда көрсетуге бірнеше елдерде, соның ішінде Ресейде тыйым салынды. Фильм "Ең жақсы бейімделген сценарий" номинациясында "Оскарға" ұсынылды, ал Саша Барон Коэн Бораттың рөлі үшін "Алтын глобусты" ең жақсы комедиялық актер ретінде алды.