Бір дана баклажан ұрлаған ер адам тоғыз жылдан кейін ақталды

0
1 341

Сот бастапқыда 49 жастағы азаматты бес ай түрмеге кесіп, 500 еуро көлемінде айыппұл белгілеген. Кейін жазаны екі ай, 120 еуроға дейін азайтқан.


Бір дана баклажан ұрлаған ер адам тоғыз жылдан кейін ақталды

Тоғыз жыл бұрын жеке меншік егістіктен шелегіне бір баклажан салып алған ер адам ұсталған, - деп хабарлайды Reactor.

Ол кезде оның жұмысы мен ақшасы жоқ ер адам аш отырған баласын тамақтандыру үшін амалсыз ұрлыққа түскенін айтқан. Оқиға Итальяда болған.
Сот бастапқыда 49 жастағы азаматты бес ай түрмеге кесіп, 500 еуро көлемінде айыппұл белгілеген. Кейін жазаны екі ай, 120 еуроға дейін азайтқан. Бірақ ер азамат бұл жазаға келіспей, соңына дейін күрескен. Міне тоғыз жылғы сот талқысынан кейін ер адамды сот ақтап шығарды.
Кассациялық сот алдындағы ол судъяларды жағдайының төмендігін, келген шығынның болмашы екенін ескермегенін және оның адвокатқа ақшасы болмағандықтан қоғамдық қорғаушылардың көмегіне жүгінгенін үшін айыптаған.