​Бразилияда банк тонаған 11 адам атыс кезінде қайтыс болды

0
1 021

Мұздай қаруланған 25 ұры 5 көлікпен баннкке шабуыл жасаған.


​Бразилияда банк тонаған 11 адам атыс кезінде қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бразилияның Сан-Паулу қаласында банк тонауға келген 11 қарақшы оққа ұшты, деп жазады 24.kz.

Тағы бір қылмыскер қолға түсті. Оқиға шаһардың шеткі ауданының бірінде болды. Мұздай қаруланған 25 ұры 5 көлікпен баннкке шабуыл жасаған. Дер кезінде полицейлер оқиға орнына жетіп, арада атыс басталды. Тәртіп сақшылары 11 қарақшыны жер жастандырды. Қалған қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.