Британия жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салады

0
786

Бұл бастаманы билік 2030 бастап жүзеге асырмақ.


Британия жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салады

ERNUR.KZ. Британия үкіметі 2030 жылдан бастап жанармай тұтынатын көліктердің қозғалысына тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлап жатыр. Бұрынғы жоспар бойынша шектеу 2040 жылы енгізілетін болып шешілген еді, деп жазады inbusiness.kz.

Биліктің бұл қадамы ел аумағында электр қуатымен жүретін көліктердің таралуын жылдатпақ. Енді іштен жанатын қозғалтқыштан бас тарту бойынша «жол картасы» жыл соңында жарияланады.

Жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салынатын алғашқы ел – Норвегия (2025 жылы). 2030 жылы Германия, Ирландия және Нидерланд электрокарларды қолдануға көшеді. Ал Франция 2040 жылы «қарапайым» көліктерден мүлдем бас тартады.