Брюссельде «автомобильсіз жексенбі» өтіп жатыр

0
912

Дәстүрге орай, осы күні сағат 9.30-19.00 аралығында қала көшелері екі, үш және төрт доңғалақты көліктер үшін жабылады.


Брюссельде «автомобильсіз жексенбі» өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Бельгияның астанасында жыл сайынғы «Автомобильсіз жексенбі» акциясы өтіп жатыр, деп жазады «ҚазАқпарат».

Дәстүрге орай, осы күні сағат 9.30-19.00 аралығында қала көшелері екі, үш және төрт доңғалақты көліктер үшін жабылады.

Бұл күні тек қоғамдық көлік пен таксилер, шұғыл қызметтер мен дипломаттардың ғана машинасына рұқсат етіледі.

Қалалықтар бұл күні қоғамдық көлікте тегін жүреді. Әрі қала билігі әртүрлі көңіл көтеретін іс-шаралар өткізуде