Бүгін АҚШ жаңа президентін сайлайды

0
291

​Кімнің жеңетінін болжау қиын. Екі кандидаттың мүмкіншіліктері бір-бірімен шамалас.


Бүгін АҚШ жаңа президентін сайлайды

Фото: AP

ERNUR.KZ. АҚШ тарихындағы бұрынғы сайлауларға ұқсамайтын президенттік бәсеке мәресіне жетті. Бүгін америкалықтар мемлекеттің жаңа басшысын таңдайды, деп жазады inbusiness.kz.

Электорат қазір тең бөлініп тұр: ұлттық деңгейде де, сайлаудың нәтижесін анықтайтын жеті шешуші штатта да. Болжамдарға қарағанда, жеңімпаз сейсенбідегі дауыс беруден кейін бірнеше күн өткенде анықталуы мүмкін.

Нью-Йорк соты ауыр қылмыс жасады деп айып таққаннан кейін 78 жастағы Дональд Трамп екі қастандықтан аман қалды. Республикалық кандидат осыған қарамастан, 2023 жылдың қаңтарында бастаған ең жоғары мемлекеттік лауазым үшін күресті әрі қарай жалғастырып келед.

60 жастағы вице-президент Камала Харрис Демократиялық партия сахнасына шілде айында көтеріліп, әлемдегі ең ықпалды қызмет үшін күреске кірісті. Оған бұл жолды ашқан – партияластарының қысымынан кейін саяси бәсекеден шығып қалған 81 жастағы президент Джо Байден.

Осы дүрбелеңдерге қарамастан, жарыстың сипаты соншалықты өзгере қойған жоқ. Социологиялық зерттеулер көрсетіп бергендей, Трамп пен Харрис жаздан бері бір-бірінен аса озған жоқ – йық тірестіріп келеді.

Қазірдің өзінде мерзімінен бұрын дауыс бергендер саны 78 миллионнан асып отыр. Бірақ алдағы екі күн кімнің халықты дауыс беру учаскелеріне көбірек тартқанын айқындап беруі керек.

Трамп

Трамптың жеңісі оны айып тағылған және ауыр қылмыс үшін сотталған бірінші президент етеді. Сонымен қатар, Ақ үйге қайта жайғасса, Трамп өзіне қарсы жүргзіліп жатқан федералдық деңгейдегі тергеуді тоқтату мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, Трамп осы сайлауда ұтатын болса, 19-шы ғасырдың соңынан бері президенттік постты қатарынан екі мерзім иеленбегін бірінші мемлекет басшысы атанады.

Трамп не үшін жеңуі мүмкін? Себебі америкалықтардың 62 пайызы қазіргі билік тұсында экономикалық жағдай нашарлап барады деп есептейді. Ал инфляция 1970-ші жылдардан бергі ең жоғары деңгейге көтерілген. Оның үстіне, заңсыз иммиграция мәселесін шешуде сайлаушылардың көбі Трампқа сеніп отыр. Зерттеулерге қарағанда, Байден билігі тұсында мигранттар шекарадан алыс орналасқан штаттарға да жете бастаған. Тағы бір айта кететін жайт - көптеген америкалықтар Вашингтонның Украина мен Израильге миллиардтап ақша жұмсауына риза емес және олар Байден тұсында Американың әлемдегі позициясы әлсіреді деп есептейді.

Харрис

Харрис жеңсе, Ақ үйдегі сопақ кабинетке жайғасқан алғашқы әйел, бірінші қара нәсілді әйел және тегі оңтүстіказиялық бірінші президент атанады.

Харрис не үшін жеңуі мүмкін? Біріншіден, ол жас. Екіншіден, демократ-үміткер әйелдер құқығы үшін күрес жүргізіп, абортқа тыйым салуға қарсы электораттың көпшілігінің қолдауына ие болып отыр. Үшіншіден, нәзік жандылардың арасынан Американың бірінші әйел президентін сайлауды қалайтындар миллиондап табылуы мүмкін. Төртіншіден, Харрис сайлауға ақша көп жұмсады. Британияның Financial Times газетінің дерегінше, Харристің шілдеден бері үгіт-насихатқа жиған қаражаты Трамптың өткен жылдың басынан бері сайлау науқанына шығындаған ақшасынан асып кеткен.