"Бұл көзге шөп салғаннан жақсы": Әйел әлеуметтік желіде күйеуіне тоқал іздеп хабарлама жариялады

0
2 875

​Мәскеу облысында мұсылман әйел күйеуіне тоқалдыққа мұсылман орыс әйелін іздеп жүр.


ERNUR.KZ. Әйел әлеуметтік желіде күйеуіне тоқал іздеп хабарлама жариялады, деп жазады stan.kz.

«Московский Комсомолец» басылым мәліметінше, мұсылман қауымдары оны айыптады. Жарнамада екінші әйел рөліне үміткер 23 жастан аспаған пәк және мұсылман болуы керек делінген.

«Егер менің күйеуім нәпсіден екінші әйел алғысы келсе, мен қарсы болар едім. Бірақ ол үлкен отбасы мен көп балалы болғысы келеді, мен бұл тілекті құрметтеймін. Отбасындағы бірнеше әйел ер адамды азғындыққа барудан құтқарады», - деп түсіндірді Наргиза Тілеумбетова.

Оның айтуынша, үміткер табылып үлгерген. Наргизаның өзі мұсылман Сергей есімді орыс жігіт үшін исламды қабылдады.

«Муфтият интернетте танысуға рұқсат береді, бірақ тек отбасын құру мақсатында болу керек. Бірақ әлеуметтік желілердегі мұндай парақшалар біртіндеп бүкіл ғаламторда азғындыққа айналды. Сондықтан шіркеу қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін кейбір діни ұйымдар өз сайттарында танысу бөлімін құрды», - деп түсіндірді мешіттердің бірінің имамы.

«Барлық қыздар күйеуіммен емес, менімен сөйлеседі. Олар маған өз профилдерін және фотосуреттерін жібереді. Қазірдің өзінде 50-ден астам үміткер болды. Ал олардың кейбіреулері енді ғана 15 жасқа толған», - дейді Наргиза.

Наргиза еш жерде жұмыс жасамайды. Күйеуі риэлтор болып жұмыс істейді. Журналист әйелді редакцияға сұхбат беруге шақырғанда, оның жол жүруге ақшасы жоқ болып шықты. Мұндай жағдайда Сергейдің екінші әйелін қалай асырайтыны жұмбақ күйінде қалып отыр. Кейбір желі қолданушылары әлеуметтік желі арқылы екінші әйел іздеудің жай ғана хайп екенін айтып жатыр.