Чернобыль АЭС қызметкерлері үш апта бойы үзіліссіз жұмыс істеп жатыр - АЭХА

0
734

211 техникалық маман мен күзетшілерден тұратын штат Украинада арнайы операция басталғандықтан, 24 ақпаннан бастап нысаннан кете алмаған.


Чернобыль АЭС қызметкерлері үш апта бойы үзіліссіз жұмыс істеп жатыр - АЭХА

ERNUR.KZ. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының қызметкерлері физикалық тұрғыда шаршағандықтан, кейбір тапсырмаларды орындай алмайтынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

АЭХА Twitter-де станция қызметкерлері үш аптаға жуық үзіліссіз жұмыс істегенін айтты.

"Украиналық реттеуші Чернобыльдағы қызметкерлер үш аптаға жуық үзіліссіз жұмыс істеген соң физикалық және психологиялық жағынан шаршағандықтан, қауіпсіздікке байланысты жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс істемейтінін айтты", - делінген АЭХА хабарламасында.
Агенттік мәліметінше, 211 техникалық маман мен күзетшілерден тұратын штат Украинада арнайы операция басталғандықтан, 24 ақпаннан бастап нысаннан кете алмаған.