Дағыстанда лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған үш ер адам ұсталды

0
663

Махачкала мен Каспийсктің бірнеше ауданында лаңкестікке қарсы операция режимі жарияланды.


Дағыстанда лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған үш ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Дағыстанда лаңкестікке қарсы операция барысында үш қылмыскер ұсталды, олар лаңкестік қылмыстар жасауды жоспарлаған, деп жазады sputnik.kz.


Комитеттің хабарлауынша, 31 наурыз күні таңертең арнайы жасақ Махачкала мен Каспийсктің тұрғын аудандарындағы бірнеше пәтерде лаңкестерді қолға түсіррді.
"Бүгін таңертең терроризмге қарсы ұлттық комитеттің жедел штабының жетекшілігімен Махачкала мен Каспийск маңында жүргізілген лаңкестікке қарсы операция барысында қауіпсіздік органдары бірқатар террористік қылмыстарды жасауды жоспарлаған үш қарақшыны ұстады", - делінген хабарламада.
Қылмыскерлер ұсталған орындарды тексеру кезінде қызметкерлер автоматтар, оқ-дәрілер мен қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны тапты, деп хабарлады комитеттегілер.
Бұған дейін Махачкала әкімі Юсуп Умавов терроризмге қарсы режимі туралы хабарлады. Ол Дағыстандағы жедел штаб республика тұрғындарына қырағылықты арттырып, құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетуді сұрағанын хабарлады. Сондай-ақ ол терроризмге қарсы операция кезінде арнайы шаралар мен уақытша шектеулер келесі ескертуге дейін күшінде болатынын ескертті.