​Дәрігерлер тырнағын кеміруді әдетке айналдырған бойжеткеннің саусағын кесіп тастады

0
1 392

Бұл 4 жыл бойы жалғасқан.


​Дәрігерлер тырнағын кеміруді әдетке айналдырған бойжеткеннің саусағын кесіп тастады

ERNUR.KZ. Кортни Уиторн есімді студент қыз тырнағын кеміруді әдеткен айналдырғандықтан, саусағынан айырылды, деп жазады Stan.kz.

20 жастағы қыз үрейленген кезде тырнағын кеміре бастайтынын мойындады. Ол мектепте оқыған кезде оқушылар өзіне жиі тиіскен көрінеді. Алайда біраз уақыттан кейін оның саусағы қарая бастағанда, қыз қатты шошып кетіп, оны туыстары мен достарынан жасырып жүреді. Бұл 4 жыл бойы жалғасқан.

Кортни дәрігерге қаралуды ұйғарған кезде, оның акральді-лентигиозді мелаонма дертіне шалдыққаны анықталған. Хирург қыздың қарайып кеткен саусағын кесіп тастап, денесінің сау бөлігінің үлгісін бипосияға жіберген. Нәтижесінде қыз өзінің диагнозын білді.

Уиторн институтта психология факультетінің екінші курсында оқыған. Алайда ол жаза алмайтындықтан, оқуын бір жылға тоқтата тұруына тура келді. Оған бүгінге дейін 4 ота жасалған.