ДДСҰ басшысы пандемияның "өте қиын" айларына дайындалуға шақырды

0
620

Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда.


ДДСҰ басшысы пандемияның

ERNUR.KZ. Әлем пандемияның өте қиын айларын күтуде. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс жұмада өткен брифингте жасады, деп жазады Stan.kz.

"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар елдер қауіпті бағытта қозғалады. Тым көп мемлекет COVID-19 жағдайларының экспоненциалды өсуіне тап болды, қазір ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. Ал бұл тек қазан айы", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.