​Дүниеге 7,2 келі алып нәресте келді

0
2 428

Дәрігерлер сәби барлық жаңа туған нәрестелер ішінде салмақ жағынан рекордқа жетті дейді.


​Дүниеге 7,2 келі алып нәресте келді

Куляб перзентханасында 9 шілдеде дүниеге 7 келі 200 грамм салмақпен алып бала келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәрігерлер сәби барлық жаңа туған нәрестелер ішінде салмақ жағынан рекордқа жетті дейді.

Куляб қаласы перзентханасының меңгерушісі Халима Гадоева 12 шілдеде ішті тілу арқылы алып бала дүниеге келді дейді. Оның сөзінше, сәби мен анасының денсаулығы бір қалыпты.

«Мен өзімнің тәжірибемнен осындай батырды бірінші рет көруім. Бұл Тәжікстанда бірінші болған жағдай», - дейді Халима Гадоева.

Сәбидің анасы Тахмина Одинаева 30 жаста. Бұл оның отбасындағы бесінші сәбиі.

Дереккөз: centralasian.org/a