Дүниежүзіндегі өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарды – ДДҰ

0
576

Мұндай қысқару 1950 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.


Дүниежүзіндегі өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарды – ДДҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович COVID-19 пандемиясы кезінде өмір сүру ұзақтығының екі жылға қысқарғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы өлім-жітімді есептеу туралы жаңа деректі жариялады. Соған қарап, пандемия кезінде біз әлемде өмір сүру ұзақтығы екі жыл қысқарғанын байқап отырмыз", - дейді ДДҰ Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович.

IV Халықаралық «Health age. Белсенді ұзақ өмір сүру» конгресінде сөйлеген сөзінде Мелита Вуйнович қазір өмір сүру ұзақтығы 72 жарым жастан 71 жасқа дейін қысқарғанын айтты. Мұндай қысқару 1950 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Сонымен қатар Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус инфекциясы таралуы әлемнің 70 елінде өсіп келеді. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс бұл өсім COVID-19-ға тестілеудің күрт қысқаруы аясында және шектеу шараларының алынып тасталуымен байланысты деп түсіндірді.