Эфиопияда құлаған ұшақтың ішінде БҰҰ 19 қызметкері болған

0
1 003

Әуе лайнерінің бортындағы 157 адам түгел қаза болған.


Эфиопияда құлаған ұшақтың ішінде БҰҰ 19 қызметкері болған

ERNUR.KZ. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Эфиопияда ұшақтың апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, жексенбі таңертең Аддис-Абебтан Найробиге бет алған «Эфиопия әуе желілері» әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Әуе лайнерінің бортында 157 адам болған, соның ішінде сегізі - экипаж мүшесі.

Алдын ала ақпарат бойынша, аман қалғандар жоқ. Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшыраған болатын.