ЭКСПО-2030 көрмесінің өтетін орны белгілі болды

0
858

Халықаралық көрмелер бюросына (BIE) мүше мемлекеттер ЭКСПО-2030 Дүниежүзілік көрмесінің ұйымдастырушысы ретінде Сауд Арабия мемлекетін таңдады.


ЭКСПО-2030 көрмесінің өтетін орны белгілі болды

ERNUR.KZ. EXPO-2030 көрмесі Эр-Риядта 2030 жылдың 1 қазанынан 2031 жылдың 31 наурызына дейін өтеді. Көрменің негізгі тақырыбы – "Өзгеріс дәуірі: ертеңгі күнді болжаумен бірге", - деп жазады inbusiness.kz.

Ресми мәліметтер бойынша, ЭКСПО-2030 көрмесін өткізу құқығына үш ел өтініш білдірді. Сауд Арабиясынан басқа үміткерлердің қатарында Корея Республикасы (Пусан қаласы) және Италия елі (Рим қаласы) болды.

Қабылдаушы ел " бір ел – бір дауыс" принципі бойынша жасырын электронды дауыс беру арқылы таңдалды. Сауд Арабиясы бірінші кезеңде қажетті үштен екі дауыспен 119 дауыс жинап, таңдалған ел болып шықты.

Айта кетейік, соңғы дүниежүзілік EXPO-2020 көрмесі "Идеяларды біріктіру, болашақты құру" тақырыбында Дубайда өткізілді. Ал, келесі EXPO-2025 көрмесі 2025 жылдың 13 сәуірі мен 13 қазаны аралығында " Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру" тақырыбында Осака қаласында өтеді.