Эквадорда тәркіленген кокаиннен ғимараттар салынып жатыр

0
531

Өңдеу зауыттарының мамандары есірткіні басқа қалдықтармен бірге ұнтақтайды.


Эквадорда тәркіленген кокаиннен ғимараттар салынып жатыр

ERNUR.KZ. Эквадорда үй салу үшін қайта өңделген кокаин пайдаланыла бастады. Бұл ел – мұндай технологияны қолданып жатқан әлемдегі бірінші мемлекет, деп жазады zakon.kz.

Reuters басылымының жазуынша, тәркіленген тыйым салынған заттарды сақтауға полиция қоймаларында орын жоқ. Кокаинды құрылысқа пайдалануға осы жағдай себеп болып отыр.

Өңдеу зауыттарының мамандары есірткіні басқа қалдықтармен бірге ұнтақтайды.

Ұнтақты цемент, құм және су қосып араластырады. Нәтижесінде құрылыс кезінде іргетасқа салынатын белгілі бір консистенциядағы материал пайда болады.

Препаратты жоюдың мұндай әдісі инкапсуляция деп аталады.

Ел билігі қазірдің өзінде 350 тонна кокаинді өңделгенін атап өтті.Айта кетейік, бұл жобаны БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мақұлдаған.