Елбасы Италия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
1 396


Елбасы Италия  Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Италияда көпір қирады: 31 адам қаза тапқан (видео)