Электронды темекі жарылып, жігіттің жағын сындырған.
ERNUR.KZ. АҚШ-та 17 жастағы жігіттің анасы баласына темекіні тастату үшін электронды шылым сатып алып берген, деп жазады ktk.kz.
Бірақ электронды темекі жігіттің қолында жарылып, жағы мен тісін сындырған. Жігітітің жақ сүйегі айтарлықтай зардап шеккен. Тіпті екі сантиметр қызыл еті де жұлынып кеткен. Бірнеше тісінен айырылған.
Бұл бірінші жағдай емес. АҚШ-та 2016-2018 жылдар аралығында электронды темекінің 2035 жарылу фактісі тіркелген.