Елімізде халық саны 236,7 мың адамға көбейді

0
685

2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда, халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2 пайыз өсті.


Елімізде халық саны 236,7 мың адамға көбейді

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%), деп жазады zakon.kz.

2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда, халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2 пайыз өсті.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда, (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 198,1 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76.

Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32.