Ол дүкендерге кіріп, ең ірі қарыз иелерін сұрап, олардың қарыздарын өтеген.
ERNUR.KZ. Стамбұлда белгісіз ер адам кедей адамдардың қарызын төлеп, оларға ақшалай сыйақы жасаған, деп хабарлайды ktk.kz.
Ол кедей аудандардағы дүкендерге кіріп, ең ірі қарыз иелерін сұрап, олардың қарыздарын өтеген. Кейін ол жағдайы төмен адамдардың мекен-жайын алып, оларға 175 доллар көлемінде сыйақы берген. Ер адам бұл игілікті Алланың разылығы үшін жасайтынын айтқан.