Ер адам өзі тонамақ болған қыздан оңбай таяқ жеді

0
1 275

Тонаушы қыздан қатты қорыққаны соншалық, полиция шақыруды сұрап жалынған


Ер адам өзі тонамақ болған қыздан оңбай таяқ жеді
ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек шебері Полиана Виана тонаушыны соққыға жықты, деп жазады sputniknews.

"Сол жақта Полиана Виана, біздің файтерлердің бірі. Оң жақта – оны тонауға тырысқан ер адам. Оңбай қателескен екен", — деп жариялады Уайт.


Жуырда "Темір ханым" деген атпен белгілі 27 жастағы Полиана Виана Рио-де-Жанейро қаласындағы үйінің жанында такси күтіп тұрады, сол сәтте оған бейтаныс ер адам жақындаған. Ол әуелі сағат сұрап, жауабын алған соң кетпей қояды. Ер адам қыздың телефонын талап етіп, қарумен қорқытқан.


"Ол қолын қаруына қойды, бірақ сақ тұрмағаны көрініп қалды. Мен оны екі рет қолмен ұрып, бір рет тептім", — депті қыз MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Кейінірек Виана қарудың өтірік екенін байқайды, тонаушы қалтасына тапаншаға ұқсас картон қағаз салып алыпты. Қыздың айтуынша, ер адамның қатты қорыққаны сонша, тағы таяқ жемес үшін полиция шақыруды сұраған.