Ердоған миллиардерді Tesla электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды.
ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті, деп жазады zakon.kz.
Ердоған миллиардерді Tesla электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды.
Сондай-ақ Түркия президенті елдің ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мәселесіне тоқталып өтті.
Бұған қоса Ердоған Маскты қыркүйек айының соңында Измирде өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.