Есек етін сатып келген адам екі жылға қоғамдық жұмысқа тартылды

0
1 339

Ұсталған күдікті есек етін иттерге беретінін айтып, бірақ кейін сататынын мойындаған.


Есек етін сатып келген адам екі жылға қоғамдық жұмысқа тартылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Карши қалалық соты есектің етін сатып жүрген азаматты екі жылға қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды, деп жазады centralasian.org.

Қашқадария облыстық ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, құқық қорғау қызметкерлері оны есектің етін сойып жатқан кезінде ұстаған. Үйінен есектің терілері мен 20-ға жуық тірі есек табылған.

Ұсталған күдікті есек етін иттерге беретінін айтып, бірақ кейін сататынын мойындаған.

Биыл мамырдың соңында Өзбекстанда есек сойып, оны сатумен айналысқан төрт адам ұсталған.