Ет жемейтін ата-ана бір жасар баласын аштан өлтірді

0
1 119

Баланың салмағы небәрі 7,7 келіні құрады. Бұл жеті айлық сәбидің орташа салмағы.


Ет жемейтін ата-ана бір жасар баласын аштан өлтірді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатында бір жарым жастағы ұлын аштан өлтірген веган ата-аналар қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

2019 жылдың қыркүйек айының соңында 35 жастағы Шейла О'Лир жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалып, баласының тыныс алмағанын және терісі қатты суық болғанын айтты. Бұл кезде оның күйеуі Райан баласын қайта тірілтуге тырысқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланың өлгенін анықтады.

Шейла құтқарушыларға олардың отбасы вегетариандық диетаны ұстанатынын және барлық төрт бала тек шикі көкөністер мен жемістерді, манго, рамбутан, банан және авокадо жейтіндігін айтты. Ол өткен аптада кенже баласы тамақтанудан бас тартып, тек омырау сүтін ішкенін мойындады.

Баланың салмағы небәрі 7,7 келіні құрады. Бұл жеті айлық сәбидің орташа салмағы.

6 қарашада медициналық сараптама баланың аштық салдарынан қайтыс болғанын анықтады. Осыдан кейін бірден полиция бөлімшесіне ата-аналардың өзі келді. Басқа екі баладан да аштықтың белгілерін тапты, олардың біреуінде бірнеше тістері жоқ болды. Басқа әкеден туған үшінші баласы ең сау болып шықты, өйткені ол әкесіне болып, тамақтанып жүрген.

Ата-анасына балаға қатысты міндеттемелерді орындамағаны үшін айып тағылған. Ерлі-зайыптылар қамауға алынды, сот желтоқсан айының басында жоспарланған.