Еуроодақ соғыс қимылдарынан кейін Украинаны қалпына келтіруге көмектеседі

0
610

​​Еуроодақ басшылары Украина үкіметін қолдайтынын мәлімдеді.


Еуроодақ соғыс қимылдарынан кейін Украинаны қалпына келтіруге көмектеседі

ERNUR.KZ. Еуроодақ басшылары Украина үкіметін қолдайтынын, сол жерде соғыс қимылдары тоқтатылғаннан кейін елді қалпына келтіруге көмектесетінін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Еуропалық одақ Украина үкіметіне шұғыл қажеттіліктерді іске асыруға міндеттенеді (...), демократиялық Украинаны қалпына келтіруге көмектеседі", - делінген Еуропалық кеңестің жұма күнгі мәлімдемесінде.

"Осы мақсатта Еуропалық кеңес Украинамен ынтымақтастық сенім қорын құруға келіседі, өзінің халықаралық серіктестерін қатысуға және дайындықты жедел бастауға шақырады", - делінген ЕО саммитінің құжатында.