Еуропада Чехия бірінші болып карантин режимін жойып, шекарасын ашты

0
765

Чехияда азаматтардың еркін жүруіне салынған тыйымды 24 сәуірде жұмадан бастап алып тастау туралы шешім қабылдадық.


Еуропада Чехия бірінші болып карантин режимін жойып, шекарасын ашты

ERNUR.KZ. Чехия үкіметі азаматтарға ел ішінде еркін жүруге, сондай-ақ шекарадан тыс жерлерге шығуға рұқсат берді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Адам Войтех мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Прага таңы басылымының мәліметі бойынша, Чехия шекаралары шетелдіктер үшін де, өз азаматтар үшін де 16 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы күрес шарасы қолға алынуына байланысты жабылды. Үйден арнайы рұқсат қағазбен жұмысқа, сондай-ақ азық-түлік дүкені немесе дәріханаға бару үшін шығуға болатын еді.

Чехияда азаматтардың еркін жүруіне салынған тыйымды 24 сәуірде жұмадан бастап алып тастау туралы шешім қабылдадық, - деді Войтех.

Билік тұрғындарға он адамға дейін жиналуға рұқсат берді. Бұған дейін Чехияда екіден артық адамдардың бас қосуына тыйым салынған болатын.

Сонымен қатар, жұмадан бастап ел тұрғындары шетелге шығуға да мүмкіндік алады. Елге оралғаннан кейін коронавирусқа жасалған тесттің теріс нәтижесі көрсетілген медициналық анықтамасын көрсетуі немесе үйде екі апталық карантинді сақтау қажет болады, - деді министр.

Сонымен қатар, ұсынылған тест төрт күндік мерзімнен аспауы керек, әйтпесе ол жарамсыз деп табылады.