Соңғы 11 ұңғыма 2024 жылдың қазан айына қарай біржолата жұмысын тоқтатады.
ERNUR.KZ. Нидерланды Гронинген провинциясындағы Еуропадағы ең ірі газ кен орнындағы өндірісті тоқтатты. Бұл туралы ел билігі жексенбі, 1 қазанда мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Өндірістің тоқтағанына қарамастан 11 ұңғыма қыс кезінде тағы бір жыл ашық болады.
"Халықаралық жағдайдың белгісіз болуына байланысты бұл жерде тағы бір жыл газ өндіруге болады", - деп түсіндірді үкімет.
Өндіріс қатты суық немесе газ тапшылығы жағдайлары үшін сақталады. 2024 жылдың қазан айына қарай соңғы 11 ұңғыма біржола жабылады.