Францияда энергетикалық дағдарыс ушығып тұр.
ERNUR.KZ. Бензин тапшылығынан елдегі жанармай құю бекеттері жабылып жатыр, деп жазады 24.kz.
Ал сұраныс күннен күнге артуда. Мұнай-газ компанияларының қызметкерлері болса еңбек жағдайы жақсарып, жалақы көтерілмесе жұмысқа шығудан бас тартады.
Тотал Энерджис ((TotalEnergies)) компаниясының мамандары бір аптадан астам уақыт бойы наразылық акция ұйымдастыруда.
"Францияның бірнеше мұнай өндіру зауыттарында наразылық акциялар ұйымдастырылды. Оның төртеуі Тотал Энерджис ((TotalEnergies)) компаниясына тиесілі. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жанармай құю бекеттерін қордағы бензинмен қамтамасыз етуге тырысамыз", Франция үкіметінің ресми өкілі Оливье Веран.