Германия халқы климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты

0
706

Климаттың өзгеруіне қарсы шеруге 20 мыңға жуық адам қатысты.


Германия халқы климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты

ERNUR.KZ. Әлемнің 80 елінде климатты қорғауға бағытталған шерулер өтіп жатыр. Германияның 350 қаласында мыңдаған адам көшеге шықты, деп жазады 24.kz.

Шерушілер саясаткерлерден климаттың өзгеруіне қарсы белсенді түрде күресіп, тиісті шараларды қабылдауды талап етті. Климаттың өзгеруіне қарсы шеруге 20 мыңға жуық адам қатысты.

Шерушілер Парламент ғимаратының алдына жиналды. Себебі екі күненн кейін елде парламенттік сайлау өтеді. Шараға қатысушылар биліктен климатқа қатысты саясатты шұғыл түрде өзгертіп, көмірден бас тартуды талап етті.

"Мен шеруге қатысу үшін ауылдан әдейі келдім. Себебі балаларымның болашағына алаңдаймын. Климаттың өзгеруі үлкен мәселе. Сондықтан биліктен баламалы қуат көздеріне көшуді сұраймын", - дейді Берлин қаласының тұрғыны, Марко.

Немістерді жолдағы көліктердің көптігі де алаңдатып отыр. Өйткені машинадан шығатын улы газ ауаны шамадан тыс ластап жатыр. Осы ретте табиғат қорғаушылар қоғамдық көлікте ақысыз жүруге жағдай жасау керек дейді.

"Біз саясаткерлердің климаттық дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар қабылдағанын қалаймыз. Бізге көлік саясатын қайта қарау керек. Себебі қазір елде машина өте көп. Және жаңа энергетикалық көзқарас та уақыт күттірмейтін мәселе", - дейді Берлин қаласының тұрғыны, Марике.

Шерушілер Берлиннің орталық көшелерімен жүруді жоспарлап отыр. Экобелсенділер шеру Бундастагтың жаңа депутаттарын ғаламдық мәселеге назар аударып, тиісті шараларды қабылдауға итермелейді деп сенеді.