Германия вакциналау орталықтарын жаба бастады

0
728

Жалпы Германияда қазірге дейін коронавирусқа қарсы 50 миллион адам вакциналанған.


Германия вакциналау орталықтарын жаба бастады

ERNUR.KZ. Себебі тұрғындар екпені учаскелік дәрігерге барып немесе мобильді топты үйіне шақырып ала алады, деп жазады 24.kz.

Жалпы Германияда қазірге дейін коронавирусқа қарсы 50 миллион адам вакциналанған. Бұл халықтың 62 проценті. Екпені 12 жастан асқан баладан бастап барлық тұрғын ерікті түрде ала алады.

Бірақ жаз айларында халықты вакциналау қарқыны біршама төмендеді. Осыған байланысты дәрігерлер азаматтарды егілуге шақырып жатыр. Олардың айтуынша, бұл індеттің төртінші толқынына төтеп беруге мүмкіндік береді. Оның үстіне соңғы кезде елде індеттің таралуы қайта өскен. Айта кетсек, соңғы тәулікте 13 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.

"Егер біз вакциналаудың қарқынын күшейтпесек, осы күзде індеттің төртінші толқынының салдары ауыр болуы мүмкін. Қазірдің өзінде вирусты жұқтырып, ауруханаларға түскен науқастар көбейді. Соңғы екі аптада олардың саны 2 есе артқан. Әсіресе жастар көп. Басым бөлігі – вирусқа қарсы егілмегендер. Осы ретте екпе аурудың ауыр түрінен қорғайтынын ескерткім келеді", - дейді Кох институтының басшысы Лотар Вилер Роберт.