Құтқарылғандар ішінде бала да бар.
ERNUR.KZ. Германияның батысындағы Креф ауылында қонақүйдің бір бөлігі құлап, салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Бастапқыда үйінді астында 8 адам болды, олардың кейбірі ауыр жарақат алған. Құтқарылғандардың ішінде бала бар.
Оқиға орнында 250-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде жедел жәрдем қызметкерлері, техникалық көмек қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер бар. Бұдан бөлек оқиға орны дрондардың көмегімен зерттеліп жатыр.
Қайғылы оқиға кезінде ғимарат ішінде 14 адам болған, олардың бесеуі зардап шеккен жоқ және ғимараттан шығып үлгерді. Ғимарат құлағаннан кейін көрші үйлерден 31 адам эвакуацияланды. Трагедияның себептері анықталып жатыр.