Германияда сиырларды дәретханаға баруға үйретуде: Бұл арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресе аламыз - ғалымдар

0
962

Думмерсдорфтағы жануарлар биологиясы институтының ғалымдары сиырларды арнайы дәретханаға үйретуге болатынын дәлелдеді.


Германияда сиырларды дәретханаға баруға үйретуде: Бұл арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресе аламыз - ғалымдар

ERNUR.KZ. Бұл жаһандық жылынуға қарсы күреске үлкен үлес қосады дейді эксперимент авторлары, деп жазады Stan.kz. BBS News сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, сиырлардың нәжісін кез келген жерге бөлуінен олардың жапасында болатын аммоний топырақпен әрекеттесіп, парниктік әсер ететін азот оксиді газын түзеді.

Атмосфераға адамдардың әсерінен шығарылатын және жаһандық жылынуға ықпал ететін газдардың шамамен 10% ауылшаруашылық малдарынының үлесінде.

Экспериментке 16 сиыр таңдалып, олар үшін институтқа тиесілі тәжірибелік фермада MooLoo атымен дәретхана жабдықталған. Ол жерден шыққан нәжіс өңдеуге жіберіледі.

Тәжірибе барысында сиырларды кезекпен дәретханаға апарып, тәттілер берген. Егер сиыр нәжісін бөлу үшін дәретхана өз бетімен барса оған тағы да тәттілер берген, ал егер оны тиісті жерде жасамаса оған үш секундтай су сепкен. Тәжірибенің соңғы кезеңінде алаңнан дәретханаға дейінгі қашықтықты алыстатып отырған.

Он күндік жаттығудан кейін 16 сиырдың 11-і 75% жағдайында дәретхана өз бетімен баратын болған. Ғалымдардың айтуынша, олар адамның жаңа туылған сәбиінен әлдеқайда ақылдырақ бола бастаған.

Зерттеушілердің пікірінше, мұндай дәретханаларды жаппай енгізу сиыр жапасын 80% -на дейін жинауға және атмосфераға аммиак шығарылуын 56% -ға азайтуға көмектеседі.